Бұл ұсынысты олар ел басшысы Садыр Жапаровқа жолдады.
Қырғызстандық бір топ журналистері мен осы сала бойынша білім алып жатқан Орталық Азиядағы Америка университетінің студенттері Тянь-Шань тауының Комсомолец шыңына шықты. 4204 метр биіктікте олар Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың атына бейнеүндеу жазып, елдегі бір шыңды "Сөз еркіндігі" деп атауды ұсынды.
Журналистер бұл бастаманы Қырғызстандағы ақпарат және баспа күніне және қырғыз журналистикасының 100 жылдығына орай қолға алған. Ол елде тәуелсіз журналистика мен сөз еркіндігін қолдауға бағытталған.
Айта кетейік, Қырғызстандағы ең биік шың – Жеңіс шыңы. Оның биіктігі – 7439 метр. Альпинистер оған алғаш 1956 жылы шыққан.
Оқи отырыңыз:
- Тоқаев: "Қырғыз бен қазақтай бір-біріне жақын халық жоқ" деген сөз бар, бұл – дұрыс айтылған тұжырым
- Алматыдан Ыстықкөлге тау арқылы жеткізетін қысқа жол қашан ашылады