Қырғызстан ҰҚК экс-төрағасы Камчыбек Ташиев тергеу сұрақтарына жауап беру үшін елге оралды

Фото интернеттегі ашық дереккөзден алынды
Фото интернеттегі ашық дереккөзден алынды
Ол екі іс бойынша куәгер ретінде танылған.

Қырғызстанның бұрынғы ҰҚК төрағасы Камчыбек Ташиев Ішкі істер министрлігінің тергеу қызметінде жауап беріп жатыр. Бұл ақпаратты елдің Ішкі істер министрлігіндегі дереккөздер растады, деп хабарлады 24.kg

Басылымның мәліметінше, Камчыбек Ташиев екі қылмыстық іс бойынша куәгер ретінде тергеу шараларға шақырылған. Ол тергеушіге адвокатымен бірге келген.

"Қазіргі уақытта өзге мәліметтер жария етілмеді. Құқық қорғау органдары тарапынан ресми түсініктеме берілген жоқ", – делінген басылымның хабарламасында. 

Еске салайық, 10 ақпанда Қырғызстан президенті Камчыбек Ташиевті қызметтен алу жөнінде жарлыққа қол қойды. Осыған байланысты 13 ақпанда емін үзіп, елге оралуға мәжбүр болған Камчыбек Ташиев араға төрт күн салып, 17 ақпанда қайтадан елден кетіп қалған болатын. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз