Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Астанаға келді

Садыр Жапаровты премьер-министр Олжас Бектенов әуежайда қарсы алды.

Қырғызстан президенті Астанаға Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VI консультативтік кездесуіне және "Орталық Азия + Жапония" диалогы мемлекеттер басшыларының бірінші саммитіне қатысу үшін келді, онда интеграциялық үдерістерді одан әрі дамыту мәселелері талқыланады.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы 26%-дан астам өсті. Осы жылдың 5 айында өзара сауда көлемі $614,3 млн-ды құрады, бұл ретте қазақстандық тауарлар экспорты 6,7%-ға артты.

Қазіргі уақытта биылғы сәуір айында екі мемлекет басшылары қол қойған Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы одақтастық қатынасты тереңдету және кеңейту туралы шарт ережелерін іске асыру бойынша үкіметтер деңгейінде бірлескен жұмыс жүргізілуде.

Атап айтқанда, сауда-экономикалық, көлік-логистикалық ынтымақтастықты арттыру, су-энергетика, ауыл шаруашылығы салаларындағы өзара іс-қимылды тереңдету жұмыстары атқарылуда.

Пікірлер

0
Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.

Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз