Арнаның бұрынғы басшысы Мақпал Жұмабай "Қазақстан" телерадиокорпорациясы басқарма төрайымының орынбасары қызметін атқарады.
Бүгін "Қазақстан" телерадиокорпорациясы басшылығының шешімімен тележүргізуші Қымбат Досжан Balapan телеарнасының директоры болып тағайындалды.
Қымбат Досжанның қазақ телевизиясында 40 жылға жуық уақыт тәжірибесі бар. Qazaqstan телеарнасы жаңалықтар қызметінің продюсер-жүргізушісі, қазақ радиосының жүргізушісі, қазақ радиосының бас редакторы міндеттерін атқарды. Қазіргі уақытта Qazaqstan телеарнасындағы "Қымбат жандар" авторлық әлеуметтік бағдарламасының жүргізушісі.
"Телерадиокорпорация саласында, оның ішінде, корпорация құрамындағы теле және радиоарналарда ұзақ уақыттан бері қажырлы еңбек етіп келе жатқан мамандарға үнемі басымдық береді. Бүгінгі тағайындаулар да осы ұстаным бойынша жүзеге асып отыр", – деді басқарма төрайымы Ләззат Танысбай.
Бұған дейін Balapan арнасын басқарған Мақпал Жұмабай корпорацияда 13 жылдан бері қызмет етіп келеді. Qazaqstan телеарнасының Таңғы бағдарламалар бірлестігінің шеф-редакторы, "Balapan" телеарнасының шеф-редакторы, продюсері міндеттерін атқарды. Телеарнаны 2018 жылдан бастап басқарды.
Еске салсақ, балаларға арналған "Orda ертегілері" кітабының тұсаукесері болатыны туралы хабарлаған едік. Жоба жетекшісі Парасат Танен осы уақытқа дейін порталда 600-ден астам ертегі жарияланып, 33-і кітап болып басылғанын айтты. Ал Ordagen мобильді қосымшасын 75 мыңға жуық адам жүктеген.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1📣 Республикалық "Үздік педагог" байқауына енді жекеменшік мектеп мұғалімдері де қатыса алады
-
304
-
0
-
0
-
-
2🐻Шымкенттегі зообақта қонжық дүниеге келді
-
276
-
0
-
5
-
-
3🌊 Каспий теңізі арқылы есірткі тасымалдап жүргендер ұсталды
-
257
-
0
-
0
-
-
4⚡️Елена Рыбакина АҚШ-тағы WTA 1000 турнирінің финалына шықты!
-
262
-
0
-
6
-
-
5ҰҚК шекара қызметіне 150 адам әскери жиындарға шақырылады 🫡
-
257
-
0
-
0
-
-
6📉 Алматы облысында тауарлық газ тарифі төмендетілді
-
260
-
0
-
0
-
-
7📣 1 сәуірде жүлдеге Ұмра қажылығына жолдама беретін мүшәйраға өтінім қабылдау басталады
-
254
-
0
-
0
-
-
8💸 Қазақстанда азық-түлік қымбаттады
-
259
-
0
-
0
-
-
9📣 Қандастар мен шетел азаматтарына арналған оқу грантына құжат қабылдау басталды
-
256
-
1
-
1
-
-
10❕ Қазақстанда жыл басынан бері мыңнан аса еңбек заңнамасы бұзылған
-
260
-
0
-
0
-