Тікелей эфир

ҚХП Мәжілісте атаулы әлеуметтік көмекті жоюды ұсынды. Оның орнына не енгізу қажет?

Депутат Гаухар Танашеваның айтуынша, атаулы әлеуметтік көмекті алу үдерісі күрделі және қорлау түрінде жүзеге асырылады. 

Қазақстан Халық партиясының депутаттары атаулы әлеуметтік көмекті алып тастауды ұсынды. Олар бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгіновке жолдаған депутаттық сауалында айтты.

Депутат Гаухар Танашеваның айтуынша, атаулы әлеуметтік көмекті алу үдерісі күрделі және қорлау түрінде жүзеге асырылады. 

"АӘК-ге үміткер болу үшін көпбалалы, жұмыс істемейтін аналарға жүздеген сынақтан өту керек. Әдетте әйелдер бюрократия мен мемлекеттік органдардың әуре-сарсаңынан салын суға жібереді. АӘК-ті алып тастау ең жақсы шешім болмақ", – деді депутат.

Депутат бұл жағдайда балаларға төленетін жәрдемақының мөлшерін арттыру қажет екенін атап өтті. Оның айтуынша, әр балаға нақты көлемде, жұмсауға жеткілікті мөлшерде бірыңғай жәрдемақы төлеген дұрыс. Атап айтқанда, депутаттар әр балаға ең төменгі жалақы мөлшерінде – 70 мың теңге көлемінде мемлекеттік жәрдемақы тағайындауды қарастыруды ұсынды.

"Мысалы, 4 балаға берілетін жәрдемақы 280 мың теңгені құрайтын болады. 2 балаға 140 мың теңге тағайындалады. Қазіргі уақытта 4 бала 55 340 теңге жәрдемақы алады. Әр балаға айына 13 826 теңге бөлінеді. Бұл – әлеуметтік қолдаудың ақылға қонымсыз мөлшері. Мұнда инфляцияның тұрақты өсуі, экономикалық тұрақсыз жағдай, тұрғын үйдің жоқтығы және халықтың осы санатындағы адамдардың тұрақты жұмыспен қамтылмағаны ескерілмеген", – деді депутат.


Оқи отырыңыз: 2023 жылы атаулы әлеуметтік көмекті кімдер және қалай алады?


Гаухар Танашева қазір халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған жәрдемақыны қалыптастыру саясаты тұтастай алғанда халықтың осы санатының қажеттілігін қанағаттандырмайтынын айтты. Сол себепті АӘК және 18 жасқа дейінгі бірыңғай балалар жәрдемақысын есептеу әдістемесін қарауды сұрады.

Серіктестер жаңалықтары