Чемпионатқа әлемнің жеті елінен жүзден аса спортшы қатысты.
Абай облысының Үржар ауданында Құсбегіліктен тұңғыш әлем чемпионаты өтіп, құсбегілер "бүркіт", "қаршыға", "ителгі" бағыттары бойынша сынға түсті. Әлем біріншілігіне Қазақстан, Моңғолия, Қырғызстан, Түркия, Ресей, Украина, Қытай елдерінен 61 бүркіт, 20 қаршыға, 15 ителгі қатысты.
Әр бағыт бойынша төрт жүлде тігілсе, үшеуі бойынша да бірінші, екінші орындарды Қазақстан ұлттық құрамасының құсбегілері жеңіп алды. Қазақстан еншісінде барлығы – 9 жүлде.

"Бүркіт" бойынша:
- І орын: Бабажан Серікболсын (Қазақстан);
- ІІ орын: Нұман Өмірбек (Қазақстан);
- ІІІ орын: Бәйтілкәріп Өркен (Моңғолия);
- ІІІ орын: Тастанбек Байрақ (Қазақстан).
"Ителгі" бойынша:
- І орын: Оспанқұлов Таңат (Қазақстан);
- ІІ орын: Сандыбай Ерлан (Қазақстан);
- ІІІ орын: Налват Мурат (Түркия);
- ІІІ орын: Кеуенов Бағдат (Қазақстан).
"Қаршыға" бойынша:
- І орын: Сейітжан Бексұлтан (Қазақстан);
- ІІ орын: Серікбек Ерасыл (Қазақстан);
- ІІ орын: Тайманов Айшуақ (Қазақстан);
- ІІІ орын: Айбекулу Салават (Қырғызстан).
Оқи отырыңыз: Бүркітшілік: төл өнерімізді төбеге шығарар күн келді

Әлем біріншілігін ұйымдастыруға Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті, Ұлттық спорт қауымдастығы, Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы, Абай облысының әкімдігі ұйытқы болды.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🚀Байқоңырда үш көшеге қазақ батырларының есімі берілді
-
238
-
0
-
6
-
-
2⚡ Пойыздардың 60 қызметкері семейлік “блогер”-бопсалаушыдан зардап шеккен деп танылды
-
229
-
0
-
1
-
-
3📣УЕФА Ұлттар лигасы: Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Арменияны 4:1 есебімен ұтты
-
210
-
0
-
0
-
-
4🗣 48 млн теңге алған — Пойыз қызметкерлерін бопсалап келген «блогер» ұсталды
-
213
-
0
-
2
-
-
5"AMANAT" партиясы Фракциясының мүшесі Нұржан Әшімбетовтің Бас Прокурор Берік Асыловқа Павлодар облысының фермерлеріне асылтұқымды малды шетелден жеткізу кезіндегі құқықбұзушылықтар жөнінде жолдаған депутаттық сауалы.
-
197
-
0
-
1
-
-
6🏒 Шайбалы хоккейден Қазақстан жастар құрамасы Венгриядан басым түсті
-
190
-
0
-
0
-
-
7Болат Өтемұратов Халықаралық теннис федерациясының вице-президенті болып қайта сайланды
-
203
-
0
-
0
-