
Қазақстанда киіктердің төлдеу кезеңі басталды, деп хабарлады Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті.
"Мамыр айының басында Бетпақдала, Үстірт және Орал популяцияларының мекендеу аумақтарында киіктердің төлдеу кезеңі басталды. Осы кезеңде "Охотзоопром" РМҚК инспекторлары төлдеу жаппай жүріп жатқан жерлерде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырды", – делінген комитет хабарламасында.
Ресми дерек бойынша, әлемдегі киіктердің 98 пайыздан астамы Қазақстанда мекендейді.
Болжам бойынша, киіктердің төлдеу кезеңі мамыр айының соңына дейін жалғасады.
Қазақ халқы киік төлдейтін кезеңде болатын қоңыр салқын күндерді "Құралайдың салқыны" деп атайды.
Оқи отырыңыз: Қызыр қамшысы, бесқонақ, бөрісырғақ. Қазақ халқы ауа райын қалай болжаған