Құқықтық мәдениет және медиация: Алматыдағы ашық диалог

Алматы қаласында "Заң мен тәртіп: медиацияның қоғамдағы маңызы" тақырыбындағы конференция өтті.

Конференция Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының тапсырысымен, үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік жобаларды іске асыру бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жүзеге асырылған "Медиация институтын дәріптеу және дауларды шешу бойынша іс-шаралар кешені" жобасының қорытынды кезеңі ретінде өтті.

Жобаның мақсаты – қоғамдағы құқықтық мәдениетті арттыру, медиация институтын дамыту, дауларды бейбіт жолмен шешудің баламалы тәсілдерін насихаттау және азаматтар арасында келісімге келу мәдениетін қалыптастыру еді. 

Іс-шараға қала прокуратурасы мен полиция өкілдері, медиаторлар, мемлекеттік органдар қызметкерлері, кәсіпкерлер, жастар ұйымдары, ҮЕҰ өкілдері және қоғам белсенділері қатысты. 

Конференция барысында медиацияның қоғамдағы рөлі, құқықтық мәдениетті нығайту тетіктері және түрлі сала мамандарының тәжірибелері талқыланды, сондай-ақ қатысушылар арасында пікір алмасу және сұрақ-жауап алаңы ұйымдастырылды.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары