Алматы қаласының прокуратурасы 2014 жылы Алматы шекарасын кеңейту нәтижесінде Алматы облысының жер учаскелерінің бір бөлігі қала құрамына енгенін хабарлады. Прокуратура зерделеу барысында заңсыз алынған жер учаскесін анықтаған.
Мысалы, Алматы облысы Қарасай ауданындағы 30,9 га жер учаскесі "Халықаралық клубтар қауымдастығы" ЖШС қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін алған. Алайда ЖШС жер учаскесінің кадастрлық құнын төлеу бойынша өз міндеттемелерін орындамады.
Прокуратураның талап-арызы бойынша Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен жер учаскесі мемлекетке қайтарылды.
Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.
Оқи отырыңыз: Тегін 10 сотық жер алуға енді eGov.kz арқылы өтініш беруге болады.