Бұқтырма көшесі мен Құлжа тас жолы қиылысындағы жолайрық құрылысы» жобасы аясында инженерлік желілерді қайта құру жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 25 қазан күні сағат 23-00-ден 7 қараша күні сағат 18-00-ге дейін Құлжа тас жолындағы №8 бұрылыста көлік қозғалысы толығымен шектеледі. Бұл туралы Алматы қаласы кімдігі жазды.
Жабық жол бөлігін Алатау трассасы бойынша Гүлдала ауылына шығып, Рысқұлов даңғылы мен Құлжа тас жолы қиылысындағы жолайрықтан бұрылып Гүлдала ауылына қарай шығатын эстакада арқылы айналып өтуге болады.
Бүгінде осы жоба аясында Құлжа трактісі бойынша эстакаданың аралық құрылысын, Бухтарминская көшесіндегі тоннель бөлікті, съездер мен түйіспелерді салу бойынша жұмыстар аяқталды. Ал бұл көлік торабының өткізу қабілетін бес есеге арттырады.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда жол-көлік оқиғасынан қаза тапқан балалар саны 24% көбейді.
Сондай-ақ, су құбыры желілерін абаттандыру және қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Жобаға сәйкес, абаттандыруды ескере отырып, осы көлік айрығының құрылысын ағымдағы жылдың қараша айында толық аяқтау жоспарланған.