Тікелей эфир

Құлсары көлік жүргізушілері "Сергекке" түскені үшін айыппұл төлемейді

1 сәуірден бастап Құлсарыда "Сергекке" түскен айыппұлдар кешіріледі.

Құлсарыда су тасқынына қатысты төтенше жағдай жарияланған кезде көлік жылдамдығын арттырған көлік жүргізушілеріне айыппұл салынбайды. Бұл туралы депутат Мақсат Толықбай Facebook парақшасында мәлімдеді.

"1 сәуірден бастап Құлсарыда "Сергекке" түскен айыппұлдар кешіріледі. Қазір деректер базасын тазартып жатыр", – деді Мақсат Толықбай.

Ол одан бөлек айтқан күрделі талап-арыздарды ертең мәжілістің жалпы отырысында көтеретіндерін айтты.

"Атыраудан Астанаға жеттік. Әуежайдың іші де, сырты да адамға толы. Әуе рейстерінің саны да көбейіп жатыр. Көлік министрлігі бағаны 40 000 теңгеден асырмау жөнінде нұсқаулық берген", – деді ол.


Оқи отырыңыз: Атырау мен Құлсары арасында пойыз жолаушыларды тегін тасымалдайды


 

Серіктестер жаңалықтары