Бұған дейін "1433" анықтама нөміріне ұялы телефоннан қоңырау шалу ақысы минутына 25 теңге болатын.
2023 жылдан бастап "Қазақстан темір жолы" АҚ қолдау қызметіне қоңырау шалу тегін, деп мәлімдеді ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов.
"Қазір клиентке қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша жұмыстар жүріп жатыр. 2023 жылдан бастап "1433" анықтама нөміріне үй және ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін болады", – деді Әлихан Смайылов.
Бұған дейін бұл қызметті ұялы телефон арқылы минутына 25 теңге төлеп алуға болатын еді. Ал үй телефондарынан қоңырау шалу бұрыннан-ақ тегін.
Оқи отырыңыз: Алматы мен Қонаев арасында электр пойызы жолға шықты
Еске салайық, Парламент сенатының депутаттары премьер-министрге сауал жолдап, "Қазақстан темір жолы" АҚ-дағы бірқатар мәселені көтерген еді.
"Ақылы анықтама қызметінің сапасы сын көтермейді. Өйткені байланыс орталығына қоңырау шалу үшін ұзақ уақыт пен жүйке қажет. Бұл компанияның клиентке қызмет көрсетуге бағдарланбағанының белгісі. Теміржол тасымалының әлеуметтік-экономикалық маңыздылығы мен транзиттік әлеуетін ескере отырып "Қазақстан темір жолы" АҚ түбегейлі реформаларды қажет етеді", – делінген сауалда.
Оқи отырыңыз: Мүгедектер жеңілдетілген темір жол билетін енді онлайн ала алады
Мұнымен қатар, депутаттар мәселелерді тиімді шешу үшін басшылық лауазымдарға теміржол саласының мамандарын тағайындауды; кадрларды даярлау және біліктілігін арттыру саясатын түбегейлі өзгертуді ұсынды.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1Зейнетақы жинағын пайдалану: 2023 жылы қанша өтінім және қандай мақсатта мақұлданды?
-
349
-
0
-
2
-
-
2Түркия мен Сирияда қаза тапқандар саны 8 мыңға жуықтады
-
364
-
0
-
4
-
-
3Wildberries Алматыда логистика орталығын салуды жоспарлап отыр
-
351
-
0
-
3
-
-
4🇰🇿 Шетелдіктердің Қазақстанда тұрақты тұруына қатысты өзгеріс енгізілді: енді өз елінің паспорты керек
-
352
-
0
-
2
-
-
5📣 20 ақпанда қайтарымсыз мемлекеттік грант алуға өтінім қабылдау басталады
-
364
-
0
-
0
-
-
6⚡️ҰБТ-ға дайындық үшін ата-аналардан 10 млн теңге алған алаяқ мұғалім ұсталды
-
362
-
0
-
0
-
-
7🚗 4 пайыз автонесие: 463 қатысушы төлем шотын алып үлгерді
-
380
-
0
-
0
-
-
8Билеті жоқ балаларды қоғамдық көліктен түсіріп тастауға заңмен тыйым салынбақ
-
348
-
0
-
4
-
-
9Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы Түркия елшілігіне барды
-
334
-
0
-
3
-
-
10Түркия ЖОО-да 8 мыңнан астам Қазақстан студенті оқиды
-
337
-
0
-
0
-