ҚР СІМ: 70-ке жуық қазақстандық Ираннан шығарылды

Фото: Informburo
Фото: Informburo
Иранда іссапарда жүрген алты қазақстандық азаматқа Әзербайжан аумағы арқылы елге оралуға көмек көрсетілді.

Соңғы екі күн ішінде 70-тен астам қазақстандық азамат Ираннан қауіпсіз түрде шығуға жәрдем алған. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді. Қазақстандық дипломаттар ел азаматтарына қажетті қолдау көрсетіп, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында жұмыс істеп жатыр. 

"Атап айтқанда, Иранда іссапарда жүрген алты қазақстандық азаматқа Әзербайжан аумағы арқылы елге оралуға көмек көрсетілді. Азаматтарымыз алдағы күндері Қазақстанға оралады", – деді Айбек Смадияров.

2025 жылғы 15 маусымда Қазақстанның 68 азаматы, оның ішінде дипломаттардың отбасы мүшелері, экономикалық ынтымақтастық ұйымының хатшылығында іссапармен жүрген қазақстандық мамандар, сондай-ақ Иранда қызметтік сапармен болған өзге де азаматтар Түрікменстан арқылы елден шығарылғаны туралы хабарланды. 

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз