Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Қостанай облысының бас имамы болып Бектұрсын Уәлиев тағайындалды, деп хабарлады ҚМДБ баспасөз қызметі.
Бектұрсын Уәлиев бұған дейін Қостанай қалалық "Марал Ишан" мешітінің имамы қызметін атқарған. Оны ұжымға ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров таныстырды.
Еске салайық, Қостанай облысының бұрынғы бас имамы Бақытбек Тәжімбет мас күйінде автокөлік жүргізіп ұсталған болатын. Ол 15 тәулікке қамауға алынды. Бұл оқиғадан кейін ол қызметтен босатылып, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы елдің мұсылман жамағатынан кешірім сұраған еді.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда діни уағыз айту енді арнайы құжатпен реттеледі