USD: 479.9 / 482.5
  • EUR: 545.5 / 550.5
  • RUB: 5.87 / 5.99
Тікелей эфир
Алматы +22C
Все города

Қостанайда бір топ мас адам полицейді балаларының көзінше соққыға жыққан: қылмыстық іс қозғалды

Видео скрині
Видео скрині
Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қостанайда қызметінен тыс уақытта балаларын ертіп келе жатқан полиция қызметкеріне бір топ мас адам шабуыл жасады. Бұл туралы "Наша Газета" хабарлады.

Оқиға қызметкердің қоғамдық тәртіпті бұзған адамдарға ескерту жасағаннан кейін басталған. Агрессия көрсеткен топ күш қолданған.

Полиция мәліметінше, шабуыл жасағандардың барлығы оқиға орнында анықталып, ұсталды. 

"Қызметкер сол сәтте формалық киімде болып, жұмысына бара жатқан. Ол бас-ми жарақатын алған және денесінің әр жерінен соққы алған, қазіргі уақытта амбулаторлық ем қабылдап жатыр. Балалары қауіпсіз", – делінген хабарламада.

Алдын ала ақпарат бойынша, шабуыл жасағандар үшеу, ал бірнеше куәгер, оның ішінде такси жүргізушісі де болған. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау