Тікелей эфир

Қостанай сотының экс-судьясы 9 жылға бас бостандығынан айырылды

Параны беруге делдал болған кәсіпкер Елжас Қалқаев 1 жылға бас бостандығынан айырылды.

Қостанай сотының бұрынғы судьясы Асқар Дарбаев тоғыз жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы "Наша газета" басылымы хабарлады.

Ол жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейтін болады.

Облыстық соттың әкімшілік алқасының төрағасы Асқар Дарбаевқа кәсіпкер Михаил Корнеевтен 19 миллион теңге көлемінде пара талап етті деп айып тағылды. Судья 2022 жылдың 17 тамызында парамен ұсталды.

Пара берген делдал, кәсіпкер Елжас Қалқаев 1 жылға бас бостандығынан айырылды7 Ол жазасын ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде өтейтін болды.


Оқи отырыңыз: Таразда судья 2 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді


 

Серіктестер жаңалықтары