Тікелей эфир

Қостанай облысындағы өрт: Кәсіпкерлерге арналған штаб құрылды

Алдын ала деректер бойынша, қазір облыста тасжол бойында орналасқан үш қоғамдық тамақтанудық нысаны өртеніп кеткен. Оның біреуі жұмыс істемеген.

"Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы Қостанай облысында өрттен зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету және залал көлемін есептеу үшін штаб құрды, деп хабарлады палатаның баспасөз қызметі.

"Ақпарат күн сайын жаңарып тұрады. Залалды бағалау үшін сараптамалық комиссия жіберіледі. Ресми деректер мен нақты залал арасында айырмашылық болған жағдайда зардап шеккен бизнеске нақты залал бойынша өтем жасау үшін қаржылай көмек жинау ұйымдастырылады", – деді ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының бірінші орынбасары Мақсат Қиқымов.

Сонымен қатар "Күшіміз бірлікте" қорымен қаражат жинау және зардап шеккендерге төлем жасау бойынша келісім жасалған.

"Өрттен зардап шеккендер және көмек берем деуші азаматтар ҰКП байланыс орталығына 1432 және ӨКП қызметкерлеріне хабарласа алады: + 7 777 037 77 78 , +7 705 153 91 07, +7775 963 10 00", – деп жазылған хабарламада.


Оқи отырыңыз:


"Атамекен" зардап шеккен кәсіпкерлерден мүмкіндік туындаған жағдайда бүлінген орынды, зардап көлемін фото және видеоға мұқият түсіріп алуды сұрайды. Бұл шаралар дәлел жинап, әрі қарай көмек алу үшін қажет болады. 

Сонымен қатар, штаб зардап шеккен халыққа көмек көрсету жұмысын жүргізіп жатыр.

"Бизнес өкілдерін көмек беруге шақырамыз. Өңірлерде зардап шеккен халыққа киім және азық-түлік жинау жарияланды. Әр өңірде жұмысты өңірлік кәсіпкерлер палаталары үйлестіреді. Ал азық-түлік, жылы киім Қостанай облысына жөнелтіледі", – деді Мақсат Қиқымов.

Серіктестер жаңалықтары