Қостанай облысының Аманқарағай, Лесное, Озерное, Бағаналы және Калинино ауылдарында өрт сөндіру жүргізіліп жатыр. Барлығы 91 үй зардап шеккен. Оның 85-і – Аманқарағай ауылында, 6-ы – Озерное ауылында. Барлығы 10 адам жарақат, күйік алып, жеңіл және орташа ауыртпалықта уланған. 1935 жылы туға бір адам қаза тапты, деп хабарлады Төтенше жағдай министрлігінің шедел штабы.
Өртті сөндіруе 224 техника, 7 әуе кемесі, 5 өрт сөндіру пойызы, жеке құрамнан 2193 адам жұмылдырылған. Өрт сөндіру жұмыстары басталғалы бері әуеден 93 рет су шашылған.
Қазір Әулиекөл ауданы аумағында ауа райы әлі ыстық. "Қазгидромет" деректері бойынша, ауа температурасы 31 градусқа дейін сақталады, желдің жылдамдығы секундына 7 метрге жетеді. Осыған байланысты өрттің орман алқабынан Бағаналы ауылына көшу қаупі бар. Қазір ауылды қорғауға басқа учаскелерден күштер мен құралдар топтастырылып жатыр.
Оқи отырыңыз: Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысына келді
Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ауыл тұрғындары эвакуацияланып жатыр. Тұрғындар Әулиекөл орта мектебі мен Әулиекөл мектеп-интернатына орналастырылды. Қазір эвакопункттерде 66 адам бар, қалғаны туысқандарының үйіне орналастырылған. Сонымен қатар Новонеженка ауылында ҚР ТЖМ 52859 әскери бөлім күшімен зардап шеккен халықты қабылдау үшін палаталар тігілді.
Қостанай облысында бір мезгілде үш табиғи өртті сөндіру жұмыстары жүріп жатыр.
Облыстағы орман өрттері фактілері бойынша Ішкі істер органдары қылмыстық кодекстің 341-бабы (ормандарды жою немесе бүлдіру) және 2-бөлімнің 204-бабы (Бөтен мүлікті абайсызда жою немесе бүлдіру) бойынша қылмыстық істер қозғады.
Оқи отырыңыз: Қостанайда өрттен зардап шеккендерге психологтар көмектеседі