USD: 471.1 / 474.1
  • EUR: 538.0 / 543.0
  • RUB: 5.71 / 5.83
Тікелей эфир
Алматы +22C
Все города

Қостанай облысында суды заңсыз пайдаланған кәсіпорын 1,6 млн теңге айыппұл төледі

Фото Depositphotos.com
Фото Depositphotos.com
Бұл – инспекцияның биылғы жылы салған ең ірі айыппұлы.

Қостанай облысында ұңғымадан арнайы рұқсатсыз су алған кәсіпорынға 1 671 100 теңге көлемінде айыппұл салынды. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігі хабарлайды.

Министрліктің мәліметінше, Тобыл–Торғай бассейн инспекциясы "судың қара нарығына" қарсы іс-шаралар аясында арнайы су пайдалану рұқсаттарын тексеру кезінде Рудный қаласындағы кәсіпорынның заңсыз су алып келгенін анықтаған.

Бұл – инспекцияның биылғы жылы салған ең ірі айыппұлы.

"2025 жылы инспекция ӘҚБтК-нің 141-бабы бойынша бес құқықбұзушылық тіркеді. Осы деректер бойынша жалпы сомасы 2,3 млн теңгеден астам айыппұл салынды. Барлық заңбұзушыларға арнайы су пайдалану рұқсатын алу жөнінде нұсқама берілді", – делінген хабарламада.

Ведомство жаңа Су кодексінің қадағалау тетіктері инспекторларға заңбұзушылықтарды жедел анықтап, айыппұл салуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

"Бұл шаралар судың заңсыз айналымына және "қара нарығына" қарсы тиімді күрес жүргізуге жол ашады", – деді Тобыл–Торғай бассейн инспекциясының басшысы Алмат Абжанов.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау