Тікелей эфир

Қостанай облысында полиция елікті атқан браконьерді ұстады

Тексеру кезінде екі елік ұшасы, сондай-ақ тіркелмеген мылтық табылды.

18 ақпанда Алтынсарин ауданының аумағында табиғат қорғау полициясының қызметкерлері Қостанай облыстық аңшылар мен балықшылар қоғамының қорықшысын тарта отырып, бірлескен рейд ұйымдастырды. Бұл туралы Polisia.kz жазды.

Олар 61 жастағы ер адамның басқаруымен қарда жүретін көлікті тоқтатты. Тексеру кезінде екі елік ұшасы, сондай-ақ тіркелмеген мылтық табылды.

"Заңсыз аң аулау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды", – деді Қостанай облысы Полиция депаратаментінің Табиғатты қорғау полициясының бастығы Алимгазин Газрет.

Осындай әрекет үшін мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, үш жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі ең жоғары қылмыстық жаза қарастырылған.


Оқи отырыңыз: Елікті атып өлтірген Ақмола облысының тұрғынына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалы басталды


 

Серіктестер жаңалықтары