Тікелей эфир

Қостанай облысында мемлекеттік тілде оқытатын 5 жаңа мектеп ашылды

Өңірдегі жалпы мектептердің 24%-ын мемлекеттік тілде оқытатын мектептер құрайды.

Қостанай облысында соңғы бірнеше жылда мемлекеттік тілде оқытатын 5 жаңа мектеп қолданысқа берілді.

Өңірде барлығы 494 мектеп бар, оларда 112 мыңнан астам оқушы оқиды. Жалпы мектептердің 24%-ын мемлекеттік тілде оқытатын мектептер құрайды.

"Кейінгі жылдары Қостанай облысында мемлекеттік тілде оқытатын бес мектеп ашылды. Алдағы жылы мектепке дейінгі ұйымдарда қосымша 22 топ пен мектеп алды даярлық сыныптарын ашу жоспарланып отыр. Мұнымен қатар, 15 мектепте 1-сынып пен бес колледжде мемлекеттік тілде оқыту топтарын ашу жоспарлануда", – деді ведомство басшысы Зәуре Бәйменова.


Оқи отырыңыз: "Мектептің жақсаруына көмектес!": бір аптада 65 мектеп дәретханасы мен асханасына шағым түсті


Білім басқармасының басшысы жаңа ықшам аудандарда 1 120 орынға арналған төрт балабақша салу қажеттілігі туындап отырғанына тоқталды. Айтуынша, бұл балабақшаға кезекті азайтады.

"Қазір 192 балабақша мен 370 шағын орталықта 30 мыңнан астам бала тәрбиеленіп жатыр. 2-6 жасқа дейінгі балалардың 89,7% және 3-6 жас аралығындағы балалардың 99,9%-ы мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған. Дегенмен кезекте 10 мыңнан астам бала бар", – деді басқарма басшысы.

Серіктестер жаңалықтары