
Батыс Қазақстан облысында "Ақжайықтан Қостанайға қолдау" шарасы ұйымдастырылды.
Еліміздің барлық ауыл-қалаларындағы қандастар, бауырластар, жанашыр тілектестер түрлі көмектерін өрт жалыннан ең қатты зардап шеккен Әуликөл ауданындағы Аманқарағай ауылына аттандырып жатыр.
Алапат өрт салдарынан зардап шеккен елді мекендердің тұрғындарына көмек көрсетуден Батыс Қазақстан облысы жұртшылығы да шет қалмады. Жексенбі, яғни қырқүйектің 4 күні облысымыздың барлық аудандарында, қаламызда 14 арнайы гуманитарлық көмек жинау пункті ашылып, бірден зардап шеккен аумаққа қажетті заттарды қабылдау басталды.
Өңіріміздің барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары, кәсіпкерлері және облыс тұрғындары демалыс күніне қарамастан бір адамдай жұмылып, белсенділік танытып жатты.
Жайықтың жайсаң жандары Қостанай өңірінде алапат өрт салдарынан зардап шеккен тұрғындарға жәрдем ретінде азық-түлік, жылы киім-кешек, жамылғылар, гигиеналық қажетті заттар, оқуға құралдарын т.б. тұрмысқа қажетті заттар дайындап әзірледі.
Қостанай өңірі Орал қаласынан шалғай жерде орналасқанын ескере отырып, жүк тасымалдағаннан гөрі ақшалай қаражат жіберген тиімдірек болар деген шешімге келіп, партия филиалының төрағасының бастамасымен облысымыздың ірі кәсіпорын қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер, Аманат партиясы мүшелері біркүндік жалақыларын аударған болатын. Және де өңіріміздегі Ақжайық жеке қорынан Қостанай облысына 23 млн. теңге көлемінде ақшалай қаражат аударылды.
Бүгін зардап шеккен аумаққа қажетті заттар тиелген үлкен жүк көлігі Қостанайды бетке алды. Көмек қажеттілігі туындап жатса бұл жұмыс әлі де өз жалғасын табатын болады.
Мақсұт Райысов
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🥳 Тарихи жеңіс: Елена Рыбакина тұңғыш рет WTA 1000 турнирінің жеңімпазы болды
-
302
-
0
-
7
-
-
2🗳 Шетелдегі соңғы сайлау учаскесі өз жұмысын аяқтады
-
274
-
0
-
2
-
-
3👷♂️ Қазақстанға еңбек мигранттары қай елдерден көбірек келеді?
-
272
-
0
-
0
-
-
4✍️ Мемлекет басшысы салық кодексін өзгерту не толықтыру туралы заң жобасына қол қойды
-
243
-
0
-
0
-
-
5«АрселорМиттал Теміртау» кәсіпорнына 16,5 млн теңгеден астам айыппұл салынды
-
240
-
0
-
0
-
-
6💌 Тоқаев Елена Рыбакинаны Индиан-Уэллстегі жеңісімен құттықтады
-
246
-
0
-
4
-
-
7🦌 Қостанайда полицейлер қалаға кіріп кеткен елікті құтқарды
-
245
-
0
-
3
-
-
8ТМҰ байқаушылары: сайлау ашық және халықаралық стандарттарға сәйкес болды
-
255
-
0
-
2
-
-
9📨 Шетелдегі Қазақстандықтардың 72,54%-ы дауыс берді
-
251
-
0
-
1
-
-
10🚆 Астана – Бурабай бағытында «Наурыз» мерекелік пойыз қатынай бастады
-
232
-
0
-
0
-