Тікелей эфир

Қорғаныс министрлігі Ресейге әскери техниканы тасымалдау туралы қауесетті жоққа шығарды

ҚР Қорғаныс министрлігі Ресейге әскери техниканы тасымалдау туралы қауесетті жоққа шығарды, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

"Қазақстандық әскери техниканы Ресей Федерациясына жөнелтіп жатыр деген әлеуметтік желілерде таралып жатқан мәліметтер шындыққа жанаспайды. Аталған әскери техниканың Қазақстан Республикасына қатысы жоқ, бұл халықаралық уағдаластықтар шеңберінде Қазақстан аумағы арқылы Ресейге жоспарлы жөндеу жүргізу үшін жіберіліп жатқан үшінші елдің меншігі", – деп жазылған министрлік хабарламасында.

Қорғаныс министрлігі 2022 жылдың 27 тамызынан бастап Қазақстанда қару-жарақ пен әскери техниканы экспорттауға тыйым салынғанын атап өтті.

"Осыған байланысты, азаматтардан негізсіз материалдарға мән бермей, тек ресми дереккөздерге сенуін сұраймыз", – дейді Қорғаныс минитсрлігі.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары