Қорғаныс министрлігі мен түріктің Otokar компаниясы арасында 2 трлн теңгеге жуық сомаға бронды техниканы сатып алуға келісім жасалғаны туралы әлеуметтік желіде таралып жатқан ақпарат шындыққа сәйкес келмейді, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
Екі ел арасында бронды техниканы жеткізу бойынша ешқандай келісім жасалмаған. Дегенмен, министрлік Otokar компаниясының 8х8 бронды техникасының үлгісі отандық бронды техниканың үлгісімен қатар тәжірибелік сынақтан өткізіліп жатқанын растады.
"Otokar компаниясы бронды техника өндірушілерінің бірі ғана болып табылады, оның үлгілері қызметке қабылдау ережелерінде бекітілген рәсімге сәйкес жалпы негізде қаралады. Бұл ретте техниканың басқа да шетелдік үлгілері қарастырылады. Олардың нәтижелері бойынша техникалық талаптарға сай техниканың үлгісі айқындалады", – делінген министрліктің ресми хабарламасында.
Оқи отырыңыз: 17 жасқа толған ер балалар енді есепке тұру үшін әскери комиссариатқа бармайды