Сенат депутаттарының сауалына орай қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов экстремалды журналистика бойынша "Әскери дискурс" оқу-практикалық семинарын өткізуді ұсынды.
"Конституцияға сәйкес заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең және кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді кемсітуге болмайды. Әскерге шақырылушылар арасында мерзімді әскери қызмет өткеру мерзімімен байланысты әлеуметтік теңсіздік болуы мүмкін. Осы негізде өңірлік БАҚ өкілдерінің және блогерлердің қатысуымен "Әскери дискурс" экстремалды журналистика бойынша оқу-практикалық семинар өткізуді ұсынамыз", – деді ол.
Оқи отырыңыз: 2023 жылы әскери қызметшілер жалақысы 60%-ға дейін өседі
Семинар журналистер мен блогерлерді төтенше жағдайда және қаруланған қақтығыс аймағында жұмыс істеуге дайындау мақсатында өткізілмек.
"Оқыту барысында қатысушылар тәжірибелі әскери мамандардан пайдалы білім және тәжірибе үйренеді. Мұндай форматтағы іс-шара бейресми жағдайда бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен тығыз қарым-қатынас орнатуға ықпал етеді", – деді Руслан Жақсылықов.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда әскери ұшқыштардың жалақысы 60 пайызға өседі