Қор нарығында доллар арзандады

Фото: Informburo.kz
Фото: Informburo.kz
15 сәуірдегі бір АҚШ долларының орташа бағамы – 516,91 теңге.

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді. 

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,16 теңгеге арзандады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 516,91 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 518 теңгеден сатылып жатыр. Ал оны 516 теңгеге сатып алуға болады. Еуро 584–590 теңге аралығында құбылып тұр.

Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы – 521 теңге, сатып алу құны – 514 теңге. Еуро 583 теңгеден сатып алынып, 590 теңгеден сатылып жатыр.

Ұлттық банктің 15 сәуірге ұсынған ресми бағамы – бір долларға 518,21 теңге.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары