Әуе компаниялары жолаушыларды тегін тамақпен қамтамасыз етеді немесе билеттерді қайта брондайды.
Әуе компаниялары жолаушыларға Алматыға/Алматыдан қатынайтын рейстердің тоқтатылуы және кестесінің ауыстырылатыны туралы ескертуде.
Air Astana 14 наурызда жауған қалың қарға байланысты бірқатар рейстер 15 наурызға шегерілгенін хабарлайды.
"Осыған байланысты, Алматыға/Алматыдан рейстердің кешігуі және тоқтатылуы жалғасуда, өйткені жерде қызмет көрсету және әуе кемелерін мұздан тазарту қызметіне қосымша жүктеме пайда болды. Барлығы 38 рейс кейінге қалдырылып, 10 рейс тоқтатылды", – деп хабарлады әуе компаниясы.
Ұшу туралы өзекті ақпаратты Air Astana веб-сайтынан немесе қолданбасынан көруге болады.
Ал FlyArystan-ның ұшуына қатысты ақпаратты FlyArystan.com сайтынан табуға болады.
USD:
507.9 / 511.3
EUR:
590.5 / 595.5
RUB:
6.47 / 6.59