USD: 479.9 / 482.5
  • EUR: 545.5 / 550.5
  • RUB: 5.89 / 6.01
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

Қоғамға қауіп төндірмейтіндер ғана рақымшылықпен босатылады. Президент заңға қол қойды

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Жемқорлар, педофилдер және террористерге рақымшылық қолданылмайды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты рақымшылық жасау туралы заңға қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына байланысты рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", – делінген ресми хабарламада. 

Қазақстанда қылмыстық жауапкершіліктен немесе негізгі жазадан мына санаттағы азаматтар босатылады:

  • қылмыстық теріс қылықтар мен онша ауыр емес қылмыстар жасағандар;
  • орташа ауырлықтағы қылмыс жасап, зиян келтірмеген немесе келтірілген залалды толық өтеген, сондай-ақ азаматтық талап-арыз берілмеген тұлғалар.

Заңға сәйкес, теріс мінез-құлық дәрежесі жоқ және жазасын өтеу мерзімінің аяқталуына бір жылдан аспайтын уақыт қалған орташа ауырлықтағы қылмыс үшін сотталғандар да негізгі жазадан босатылады.

Ал орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған өзге сотталғандардың өтелмеген немесе орындалмаған негізгі жаза мерзімі екі есеге қысқартылады.

Ауыр және аса ауыр қылмыс жасағандарға қатысты өтелмеген немесе орындалмаған жаза мынадай тәртіппен қысқартылады:

  • ауыр қылмыс жасаған және келтірілген залалды толық өтегендерге – жазаның өтелмеген бөлігінің үштен бірі;
  • аса ауыр қылмыс жасаған және залалды толық өтегендерге – төрттен бірі;
  • ауыр қылмыс жасаған өзге сотталғандарға – төрттен бірі;
  • аса ауыр қылмыс жасаған өзге сотталғандарға – бестен бірі;
  • теріс мінез-құлық дәрежесі жоқ әрі рақымшылық жасау туралы актіні орындау кезеңінде жазасының аяқталуына бір жылдан аспайтын уақыт қалғандарға – өтелмеген негізгі жаза толық көлемде қысқартылады.

Сонымен қатар, Қазақстан тарихында алғаш рет әкімшілік рақымшылық жүргізіледі. Заңға сәйкес, азаматтар, жеке кәсіпкерлер және жеке практикамен айналысатын тұлғалар заң күшіне енген күнге дейін орындалмаған әкімшілік айыппұлдарды төлеуден босатылады.

Алдын ала есеп бойынша, қылмыстық рақымшылық 16,5 мыңнан астам адамға қатысты қолданылады. Оның ішінде 15 мың сотталған және 1,5 мың тергеудегі адам бар. Нәтижесінде 4 мыңнан астам қазақстандық қылмыстық жауапкершілік пен жазадан толық босатылса, 10 мыңнан астам адамның жаза мерзімі қысқартылады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау