Ұсақ бұзақылық үшін салынатын айыппұл сомасы 20 АЕК-ке артты.
Қазақстанда вандализм, қоғамдық және жеке мүлікті бүлдіргендерге жаза қатаңдайды. Бұл туралы ІІМ әкімшілік полиция комитетінде басқарма бастығының орынбасары Азамат Құрымбаев ведомство брифингінде айтты.
"Жаңа редакцияда қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиiсу, ғимараттарды, тұрғын үй-жайларды, көпшілік пайдаланатын орындарды, көліктегі және қоғамдық орындардағы мүлікті қорлау және айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер ұсақ бұзақылық саналады", – деді Азамат Құрымбаев.
Қазіргі таңда ұсақ бұзақылық үшін сот 5 АЕК (17 250 теңге) көлемінде айыппұл салады немесе 15 тәулікке дейін қамауға алады. Жаңа редакцияда айыппұл 20 АЕК (69 000 теңге) құрайды. Ал қамауға алу 5 күннен 30 тәулікке дейін белгіленеді. Түзетулер алғаш ресми жарияланғаннан кейін 60 күннен кейін күшіне енеді.
Оқи отырыңыз: 2023 жылы Қазақстанда айыппұл мөлшері қалай өзгереді?
Биыл 3 қаңтарда президент Қасым-Жомарт Тоқаев "ҚР Қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу кодекстеріне экологиялық құқықбұзушылықтар мен вандализм көріністері үшін жауапкершілікті күшейту мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы" және "ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне экологиялық құқықбұзушылықтар мен вандализм көріністері үшін жауапкершілікті күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңға қол қойды.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1Салауат Мүксімов Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.
-
475
-
0
-
2
-
-
2Бүгін жеңілдетілген 4 пайыздық автонесиеге өтініш беру басталады 🚗
-
480
-
2
-
1
-
-
3Түркияда жер сілкінді, бірнеше қаласында ғимараттар қирады
-
429
-
0
-
3
-
-
4Жеңілдетілген автонесие бойынша өтінім қабылдау аяқталды ма?😢
-
420
-
1
-
2
-
-
5ҰБТ-2023: Жаңа формат қандай?
-
451
-
0
-
2
-
-
6Тоқаев Екібастұздағы пәтерлер мен әлеуметтік нысандарда температура режимін тұрақтандыру үшін барлық қажет шараны қабылдауды тапсырды
-
375
-
1
-
3
-
-
7autonesie.kz сайтына алғашқы бір минутта 125 мың адам кірген
-
398
-
4
-
4
-
-
8👨👩👦 Қазақстанда ата мен әженің немересімен араласу құқығы заңмен бекітілмек
-
374
-
0
-
5
-
-
9Тоқаев Түркия президенті Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады
-
376
-
4
-
3
-
-
10🗓 7 – 11 ақпандағы ҰБТ-ға тегін дайындық сабақтар кестесі
-
361
-
0
-
3
-