USD: 482.7 / 485.3
  • EUR: 550.5 / 555.5
  • RUB: 5.95 / 6.07
Тікелей эфир
Алматы +23C
Все города

ҚМДБ онлайн құрбан шалуға арналған сайтты іске қосты. Қой құны қанша

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Құрбан айт биыл 27 мамырға сәйкес келеді.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған qurban.muftyat.kz сайтын іске қосқанын хабарлады. 

Мүфтияттың түсіндіруінше, халыққа, әсіресе үлкен қалаларда тұратын жамағатқа оңтайлы болу үшін биыл құрбан шалу офлайн және онлайн форматта жүзеге асады. 

"Онлайн түрде құрбан шалам деушілер сайт арқылы құрбандық малын таңдап, Kaspi QR арқылы қажетті қаражатты аудара алады. Қой мен ешкіні жеке адам, ал ірі қара мен түйе малын бір немесе 7 адам бірігіп шалса болады. Тапсырысыңыз сәтті өтсе ұялы телефоныңызға смс хабарлама келеді. Құрбандық шалынған соң оның фото және бейне есебі тапсырыс беруші көрсеткен нөмірге жіберіледі", – делінген ҚМДБ хабарламасында. 

Сайттағы мәлімет бойынша, Астанада бір қойдың бағасы – 125 мың теңге болса, ірі қара бағасы – 875 мың теңге. Бір ірі қараны жеті адам бірігіп құрбандыққа шала алады. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз