Тікелей эфир

ҚМДБ намазда талтайып тұратындарға ескерту жасады

Діни басқарманың түсіндіруінше, аяқты жаныңдағы адамның аяғына тигізіп намаз оқуды сүннет санау – қате.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Діни оңалту бөлімінің меңгерушісі Хасан Аманқұл жамағатпен намаз оқу тәртібінде болып жатқан жайсыздықтар туралы айтып, дұрыс намаз оқудың тәртібін түсіндірді. Оның айтуынша, тым талтайып тұрып намаз оқитындар көп.

"Жамағатпен оқығанда аяғын жанындағы адамның аяғына тигізіп алады және оны сүннет деп санайды. Олардың бұл істері жанындағы адамның ойын бұзуға себеп болады", – деген Хасан Аманқұл Исламдағы мазхабтардың төртеуі де аяқты талтайтып намаз оқуға бұйырмағанын еске салды.


Оқи отырыңыз: ҚМДБ 1 наурыздан бастап намаз кестесін жаңартады


Оның айтуынша, бұл жағдай хадистерді дұрыс түсінбеу себебінен пайда болған.

"Ағзалардың бәрін бір-біріне тигізіп тұруды ешкім толық жүзеге асыра алмайды. Себебі, намаз оқитындардың бойы әртүрлі болуы мүмкін. Хадистің мағынасы сапты туралау үшін аталмыш ағзаларды бірі-біріне түзеу керектігін білдіреді. Бұдан намаз оқитындардың иықтары, мойындары және аяқтары бір сызықта болуы түсініледі... Біздің Ханафи мәзһабында тік тұрғанда аяқтарының арасы төрт саусақ мөлшерінде болуы тиіс. Дегенмен, бұл мөлшер аяғын кең ұстап тұруға дәлелді себебі жоқ кісілер үшін белгіленген. Ал денелі, толық кісілер тепе-теңдік сақтау үшін аяғын кеңірек қою қажет болса, оларға әдеттегі халде еркін тұруға рұқсат беріледі", – деп түсіндірді ҚМДБ өкілі.


Оқи отырыңыз: Бір уақыт белдеуіне көшу: Жұма намазы 1 наурыздан бастап нешеде оқылады


 

Серіктестер жаңалықтары