ҚМДБ дінтанушының әйелді қамшымен ұру туралы видеосына қатысты мәлімдеме жасады

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
9 жыл бұрынғы видео әлеуметтік желіде қайта тарап, көпшіліктің наразылығын тудырды.

Дінтанушы Ризабек Батталұлының 9 жыл бұрынғы видеожазбасы әлеуметтік желіде қайтадан кеңінен тарауына және желі қолданушыларының наразылығын тудыруына байланысты Қазақстан мұсылмандары діни бірлестігі мәлімдеме жасады. 

Бұл видеода Ризабек Батталұлы әйелдерге қатысты орынсыз әрі дінге қайшы пікірлер айтқан болатын. Алайда, кейін, 2018 жылы өз қателігін мойындап кешірім сұрады.

 

"Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бұл пікірлерді қолдамайды. Исламда әйелге құрметпен қарау, ар-намысын қорғау, зорлық-зомбылықтан сақтау – басты талаптардың бірі. Әйелге күш көрсету – шариғатқа да, еліміздің заңдарына да қарсы әрекет. ҚМДБ әйелдердің құқығын қорғауды, отбасындағы өзара сыйластық пен мейірімділікті арттыруды қолдайды", – делінген ҚМДБ мәлімдемесінде. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз