Прямой эфир Новости спорта

"QH жаздық жолдама". Елімізде 20 мың оқушы жазғы лагерьде тегін демалады

Жобаға үздік, мектептің қоғамдық және мәдени өмірінде белсенді оқушылар қатыса алады.

Еліміздің әр өңірінде тұратын 20 мың оқушы жазғы лагерьде тегін демалады. Бұл туралы "Қазақстан халқына" қорының баспасөз қызметі хабарлады.

Қор оқу-ағарту министрлігімен бірлесе отырып, "QH жаздық жолдама" қайырымдылық жобасын бекітті.

"Жобаға сәйкес еліміздің барлық өңірлерінен оқушылар таңдалып, жазғы лагерьге жіберіледі. Білім басқармасы мектеп оқушыларының жан-жақты физикалық, психологиялық және моральдық дамуы үшін қолайлы жағдай жасалған 30 лагерь таңдады. Білім беру органдары мектеп ұсынған тізім бойынша балаларды қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз етуге міндетті" – делінген хабарламада.


Оқи отырыңыз: Қазақстандықтардың жартысына жуығының қалтасы жазғы демалыс шығындарын көтермейді


Бұл жобаға үздік оқушылар, сонымен қатар мектептің қоғамдық және мәдени өмірінде белсенділік танытқан оқушылар қатыса алады.

"Қор тарапынан 1,94 млрд теңге бөлінді. Жоба 5-8 сыныптағы 20 мың оқушының жазғы демалысын ұйымдастыруға арналған", – делінген хабарламада.

Жаңалықты жарнамасыз оқыңыз. iOS және Android жүйесіне арналған informburo.kz мобильді қосымшасын жүктеңіз.

Тарату:

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар

Серіктестер жаңалықтары