Қажылық-2025: 18 сәуірде виза рәсімдеу аяқталады

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
ҚМДБ визаны тек ресми туроператорлар арқылы рәсімдеу керектігін еске салды.

2025 жылдың 18 сәуірінде қажылық визасын рәсімдеу аяқталады. Сондықтан, 17 сәуірге дейін ресми туроператорлар арқылы үлкен қажылық сапарына жазылу қажет екенін ескертті Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы. 

18 сәуірден кейін қажылық визасын рәсімдейтін электронды портал жабылады. 

"Биыл қажылыққа ниет еткен отандастарымызды лицензиясы жоқ, қажылық орындары берілмеген турфирмалар мен жеке адамдарға жазылмауға және заңсыз әрекеттерге бармауға шақырамыз", – делінген ҚМДБ Қажылық бөлімінің хабарламасында. 


Оқи отырыңыз: 


Осы ретте діни басқарма 2025 жылғы қажылық маусымына ашық байқау бойынша қажылық орындарын алған, лицензиясы бар туроператорлардың тізімін ұсынды: 

Тізім: ҚМДБ ресми сайты

 

Серіктестер жаңалықтары