Тікелей эфир

Қазпошта Талғат Бигелдинов бейнеленген марка шығарды

Таяуда Ахмет Байтұрсынұлы мен Роза Бағлановаға арналған маркалар айналымға енеді.

Биыл Қазақстан авиациясының генерал-майоры, екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигелдиновтің туғанына 100 жыл толады.

1 маусымда "Қазпошта" АҚ Қазақстан авиациясының генерал-майоры, екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигелдиновтің туғанына 100 жыл толуына орай шығарылған марканы қолданысқа берді. Марканың номиналы – 100 теңге. Перфорациясы тарақ тәрізді, офсеттік тәсілмен екі бояумен басылған. Көлемі – 26 х 18 мм.


Оқи отырыңыз: Гагарин бейнеленген марка құны – 350 доллар. Қазақстанда марка жинап табыс табуға бола ма?


Сондай-ақ, жақын күнде танымал тұлғалардың мерейтойына арналған тағы бірнеше марка шығарылады.

3 маусымда Ұлт ұстазы, саяси қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 150 жыл толуына орай марка пошта айналымына жіберіледі. Пошта маркасының номиналы – 150 теңге, перфорациясы тарақ тәрізді, офсеттік тәсілмен екі бояумен басылған. Көлемі – 26 х 18 мм.

Ал 5 маусымда әнші Роза Бағланованың 100 жылдығына орай шығарылған марка айналымға енеді.  Пошта маркасының номиналы – 5 теңге, офсеттік тәсілмен екі бояумен басып шығарылған. Марканың көлемі – 26 х 18 мм.

Серіктестер жаңалықтары