Дүйсенбі күні оңтүстік-шығыста жаңбыр жауады.
25-27 наурызда Қазақстанның басым бөлігінде күн жылы болады, деп хабарлайды "Қазгидромет" баспасөз қызметі.
"Кей өңірде ғана жаңбыр мен қар жауып, күндіз жел соғады. Мұнымен қатар, 27 наурызда елдің оңтүстік-шығысында жаңбыр жауады. Ал таулы аудандарда тұман болады", – делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: Қызыр қамшысы, бесқонақ, бөрісырғақ. Қазақ халқы ауа райын қалай болжаған?
Ауа температурасы күндіз:
- батыста – 12...26°С;
- солтүстік-батыста– 5...20°С;
- солтүстік, шығыс және орталықта – 2...15°С;
- оңтүстік пен оңтүстік-шығыста – 13...25°С;
- таулы аймақтарда – 8...13°С жылы болады.