Тікелей эфир

"Қажеті жоқ". Скляр автобус жүргізушілерін жолаушылардан оқшаулау туралы

Әлемде тек қылмыс деңгейі жоғары елдер ғана жүргізушіні оқшаулайды, деді Үкімет өкілі.

Үкімет басшысының бірінші орынбасары Роман Скляр мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында қоғамдық көлік жүргізушілерін жолаушылардан толқы оқшаулау туралы пікірін айтты. 

Оның сөзінше, қазіргі таңда Қазақстанда қоғамдық көліктерді жүргізушіні оқшаулап қайта жабдықтаудың қажеттілігі жоқ. Мұндай тәсілді әлемде тек қылмыс деңгейі жоғары елдер ғана қолданады. Роман Скляр бұл ретте жүргізушіні оқшаулау жол үстінде оның денсаулығы нашарлап не өзге де көмек қажет болып қалған жағдайда оған жолаушылардың жәрдемдесу мүмкіндігін шектейтінін де алға тартты. 

Қоғамдық көлік жүргізушілерін толық оқшаулауды қамтамасыз етуге қатысты 

"Бүгінгі таңда жолаушылардың қоғамдық көліктегі тәртіпті бұзғаны үшін жауапкершілігі заңды түрде бекітілген. Автобустардың, шағын автобустардың және троллейбустардың салонында жүргізуші кабинасының жанында полиция, көліктік бақылау және медициналық қызмет телефондарының нөмірлері бар ақпарат орналастырылады. Осылайша, жүргізуші автобус салонында жанжал туындаған жағдайда қозғалысты тоқтатып, полиция шақыруы керек", – деді Роман Скляр. 

Еске салайық, Алматыда 2023 жылғы желтоқсанда автобус жүргізушісі мен жолаушы арасындағы жанжал жол апатына әкеліп, үш адам қайтыс болған еді. Жол апатына жолаушы Дархан Ахметжанов айыпты деп танылып, ол 8 жылға бас бостандығынан айырылды. 


Оқи отырыңыз: Алматыда аялдамада автобус адамдарды қағып кетті: сот үкім шығарды


 

Серіктестер жаңалықтары