Дыбыстық көмекші құралды ресейлік "Яндекс Алиса" компаниясы жасап шығарады.
Әзірленіп жатқан публицистикалық тіл корпусы ғылыми зерттеулер жүргізуге, тіл үйренуге және IT жобаларды дайындауға негіз болады, деп мәлімдеді Til-Qazyna ғылыми-практикалық орталығының директоры Ербол Тілешов.
"Қазақ тілінің ұлттық тіл корпусы министрлік тапсырмасымен публицистикалық тіл корпусын дайындап жатыр. Корпуста 5 миллион қор бар. Оның екі миллионы толық таңдалған. Бұл ғылыми зерттеулерге, тіл үйренуге, сондай-ақ, IT жобалар дайындауға негіз бола алады. Мұдай корпус тіл білімі институтында да дайындалып жатыр", – деді орталық жетекшісі.
Оқи отырыңыз: Тоқаев: Қазақстанды дамытудағы өзге этностардың үлесін қазақ тілінде насихаттау маңызды
Ербол Тілешовтің айтуынша, публицистикалық корпус – тілдің дамуын, оның қаншалықты қолданыста екенін үнемі көрсетіп отыратын құрал. Мұнымен қатар, ол IT жобалар әзірленіп жатқанын айтты.
"Корпус Назарбаев университетінде ғана бар. Шетелде, неміс, орыс, чех, ағылшын филологиясы осы корпустарға қатты көңіл бөледі. Бұдан өзге ұлттық жоба аясында IT өнімдер әзірлейтін жобалар жүзеге асырылмақ. Солардың біреуін Ресейдің дыбыстық көмекші "Яндекс Алиса" компаниясы жүзеге асырады. Ол арқылы қазақ тіліндегі сөздерді танып, диалог құрып, сұрақтарға жауап беруге болады. Сондай-ақ, ол ақпарат таратуға арналған", – деді Ербол Тілешов.
Орталық директоры қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтетін қосымшалардың қаралымы өсіп келе жатқанын айтты.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1💬 Депутат мүгедектігі бар жандардың проблемасын шешу үшін бірқатар ұсыныс айтты
-
244
-
0
-
1
-
-
2Қасым-Жомарт Тоқаев Климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ конференциясы аясында Дубайда өтіп жатқан Дүниежүзілік климаттық саммиттің ашылу рәсіміне қатысу үшін Dubai Expo City көрме орталығына келді
-
234
-
0
-
2
-
-
3«АрселорМиттал Теміртау» цехында аспалы кран құлады: зардап шеккендер жоқ
-
233
-
0
-
0
-
-
4Тағыбергеннің голы Еуро-2024 іріктеу кезеңінде үздік деп танылды
-
166
-
0
-
5
-
-
5⚡️Алматыда 13 адам қаза тапқан хостелдің басшысы ұсталды
-
151
-
0
-
0
-
-
6⚡️Қостанай полициясы 40 жәбірленушіге қоқан-лоқы көрсеткен екі бопсалаушыны ұстады
-
131
-
0
-
0
-