Қазақстанның халық әртісі Есмұхан Обаев өмірден өтті

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі
Оның демі 85 жасқа қараған шағында үзілді.

Қазақстанның халық әртісі, театр режиссері, профессор, платиналы "Тарлан" тәуелсіз сыйлығының, "Парасат" және "Барыс" ордендерінің иегері, мемлекеттік стипендияның лауреаты Есмұхан Обаев дүниеден өтті. Қаралы хабарды Мәдениет және ақпарат министрлігі таратты. 

"Есмұхан Несіпбайұлы саналы ғұмырын қазақ театр өнерінің дамуына, сахна мәдениетінің өркендеуіне, ұлттық режиссура мен актерлік мектептің қалыптасуына арнаған көрнекті тұлға болатын. Ұлт мәдениетінің мерейін өсірген, театр өнерінің абыройын асқақтатқан ардақты азамат қай кезеңде де өнерге адалдықтың, кәсібіне жауапкершіліктің үлгісін көрсете білді. Ол тәрбиелеген буын, сахналаған туындылар мен қалыптастырған көркемдік ұстаным қазақ театрының алтын қорында қала бермек. Ұлттық мәдениеттің дамуына сүбелі үлес қосқан Есмұхан Несіпбайұлының жарқын бейнесі, шығармашылық мұрасы мен ғибратты ғұмыр жолы халқымыздың жадында мәңгі сақталады деп сенеміз", – делінген қаралы хабарламада. 

Есмұхан Обаев –  платиналы "Тарлан" тәуелсіз сыйлығының, "Парасат" және "Барыс" ордендерінің иегері, мемлекеттік стипендияның лауреаты.

Ол Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік драма театрының қоюшы-режиссері, Ғабит Мүсірепов атындағы Балалар мен жасөспірімдер театрының режиссері, Семейдегі Абай атындағы қазақ драма театрының көркемдік жетекшісі және бас қоюшы-режиссері қызметтерін атқарды. 

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз