Қазақстанда төрт айда 2 мыңға жуық егіз және 54 үшем дүниеге келді, деп хабарлады Ұлттық статистика бюросының ресми сайты.
"2026 жылдың қаңтар-сәуір айларында елімізде 1926 егіз және 54 үшем тіркелді. Бұл кезеңде төртемдер тіркелген жоқ. Егіздер саны бойынша Түркістан облысы көш бастады – 263 жағдай. Одан кейін Алматы қаласы (245) және Алматы облысы (175) тұр", – делінген хабарламада.
Ал үшемдер бойынша Түркістан облысы, Атырау облысы және Шымкент қаласы алда – әр өңірде 3 үшемнен тіркелген, тиісінше 9 нәресте дүниеге келген.
2026 жылғы қаңтар-сәуір айларында дүниеге келген балалардың жалпы саны 99,4 мыңға жетті. Туу көрсеткішінің ең жоғары деңгейі Түркістан облысында (1000 тұрғынға шаққанда 19,75), Шымкент қаласында (19,39) және Маңғыстау облысында (19,28) тіркелді.
