Қазақстанның қай өңірлері тез "қартайып" барады

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Қартаю жағынан Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстары көш бастап тұр.

Қазақстанда халықтың қартаю индексі өсіп келеді, деп хабарлады Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы

2025 жылы еліміз бойынша орташа көрсеткіш 100 балаға шаққанда 32,9 құрады, бір жыл бұрын ол 31,1 деңгейінде болған. Бұл 15 жасқа дейінгі әр 100 балаға 65 жастан асқан 32,9 адамның келетінін білдіреді. 

Бюроның мәліметінше, қаладағы индекс (34,9) ауылдық жерге (29,6) қарағанда жоғары. 

"Өңірлер бөлінісінде ең төменгі мәндер Маңғыстау облысында – 16,2, Түркістан облысында – 17,2 және Шымкент қаласында 17 деңгейінде тіркелген. Ең жоғары деңгей Солтүстік Қазақстан – 84,1, Шығыс Қазақстан – 80,7 және Қостанай облыстарында – 71,3 байқалды. Сондай-ақ жоғары мәндер Павлодар облысында – 60,2 және Қарағанды облысында – 56,6 тіркелді", – делінген ресми хабарламада. 

Алматы қаласында индекс 100 балаға шаққанда 38,3 болса, Астана қаласында – 22,9.

Бюро мамандарының түсіндіруінше, халықтың қартаю индексі қарт адамдар мен балалар санының арақатынасын көрсетеді. Ол 15 жасқа дейінгі әр 100 балаға еңбекке қабілетті жастан асқан қанша адамның келетінін сипаттайды. Төмен мәндер халықтың жас құрылымының жас екенін, ал жоғары мәндер қарт адамдар үлесінің басым екенін білдіреді.

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз