Қазақстанның бірқатар өңірінде 16 наурызда қолайсыз ауа райы күтіледі. Бұл туралы "Қазгидромет" хабарлады.
Синоптиктердің болжамынша, Астана қаласында түнде және таңертең тұман түседі.
Абай облысының батысында, солтүстігінде және орталығында түнде және таңертең қар жауып, жаяу бұрқасын мен көктайғақ болуы мүмкін. Өңірдің солтүстігі мен оңтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-батыс желі кейін солтүстік-шығысқа ауысып, күндіз облыстың оңтүстік-батысында 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.
Ақтөбе облысының солтүстігі мен шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, кейін солтүстік-шығысқа ауысады. Күндіз облыстың батысы мен оңтүстігінде желдің екпіні 15 м/с-қа дейін жетеді.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады.
Атырау облысының шығысында түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал. Сонымен қатар өңірдің батысында, оңтүстігінде және шығысында шаңды дауыл соғып, шығыс және оңтүстік-шығыс желі 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде түнде және таңертең қар жауып, жаяу бұрқасын мен көктайғақ болады. Солтүстік және шығыс бөлігінде тұман күтіледі.
Жамбыл облысының оңтүстігі мен таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыс желі кей жерлерде 15–20 м/с-қа дейін күшейіп, күндіз екпіні 23 м/с-қа жетуі мүмкін.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел шығыс және оңтүстік-шығыс бағыттан соғып, күндіз 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.
Қостанай облысы аумағында тұман түседі.
Қызылорда облысының солтүстігінде тұман түсіп, жел солтүстік-шығыс және шығыс бағыттан соғады. Күндіз өңірдің орталығы мен шығысында желдің жылдамдығы 15–20 м/с-қа дейін жетеді.
Маңғыстау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында шаңды дауыл соғады. Оңтүстік-шығыс желі 15–20 м/с-қа дейін күшейіп, кей жерлерде екпіні 23 м/с-қа жетеді.
Павлодар облысының оңтүстігі мен шығысында түнде көктайғақ болуы мүмкін. Сонымен қатар облыстың батысында, оңтүстігінде және шығысында тұман күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман түседі.
Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыс желі кей жерлерде 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.
Синоптиктер жүргізушілер мен тұрғындарға ауа райының қолайсыздығына байланысты сақ болуды ескертті.
USD:
484.9 / 487.9
EUR:
555.0 / 560.0
RUB:
5.99 / 6.11
Пікірлер
Әзірге пікірлер жоқ…