USD: 465.1 / 467.7
  • EUR: 533.5 / 538.5
  • RUB: 5.35 / 5.47
Толығырақ
Тікелей эфир
Алматы +31C
Все города

Қазақстанның бірқатар өңірінде +41 градусқа дейін ыстық болады

Фото: Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі
"Қазгидромет" ауа райына қатысты ескерту жасады.

14 тамызда Қазақстанның бірқатар өңірінде аптап ыстық сақталып, кей жерлерде ауа температурасы +41 градусқа дейін көтеріледі. Сонымен қатар найзағай, бұршақ, дауыл және екпінді жел күтіледі. "Қазгидрометтің" мәліметінше, бірқатар облыста дауылды ескерту жарияланып, жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.

Ең жоғары температура Қызылорда облысында болжанып отыр. Мұнда күндіз ауа температурасы +40…+41°C-қа дейін көтеріледі. Өңірде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қатты ыстық мына өңірлерде де күтіледі:

  • Жамбыл облысы – +38…+40°C;
  • Алматы облысы – +35…+39°C;
  • Жетісу облысы – +35…+39°C;
  • Түркістан облысы – +37…+40°C шамасында;
  • Қарағанды облысы – +35…+37°C;
  • Ұлытау облысы – +35…+37°C;
  • Шығыс Қазақстан және Абай облыстары – +35…+38°C;
  • Маңғыстау облысының оңтүстігі – +38°C-қа дейін.

Синоптиктердің болжамынша, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Абай, Жамбыл, Алматы, Түркістан және Жетісу облыстарының жекелеген аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей өңірлерде:

  • бұршақ жаууы;
  • дауыл тұруы;
  • желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін.

Сонымен қатар Атырау, Қызылорда, Тараз, Көкшетау және Петропавл маңында жоғары немесе төтенше өрт қаупі сақталады.

Мамандар тұрғындарға аптап ыстықта күннің ең ыстық уақытында далада ұзақ жүрмеуге, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға және дауылды ауа райы кезінде сақ болуға кеңес береді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау