"Қазгидромет" РМК синоптиктері 27 қарашада Қазақстанның 12 өңіріне ауа райына байланысты ескерту жасады.
Ақмола облысының оңтүстік жартысында тұман.
Астанада түнде және таңертең тұман.
Ұлытау облысының солтүстігінде, орталығында тұман.
Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман түседі.
Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі.
Атырау облысында шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.
Ақтөбе облысының оңтүстігінде тұман түседі.
Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Қостанай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде тұман.
Жетісу облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері аудандарында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с болады.
Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде тұман түседі.
Абай облысының солтүстігінде, орталығында тұман. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні — 15-18 м/с.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман.