USD: 484.5 / 487.1
  • EUR: 553.5 / 558.5
  • RUB: 5.97 / 6.09
Тікелей эфир
Алматы +36C
Все города

Қазақстаннан шетелге шығарылатын сиыр етіне шектеу қойылады

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Сиыр етінің экспортына алты айлық шектеу енгізіледі.

Қазақстанда сиыр етін экспорттауға алты ай мерзімге шектеу енгізу жоспарланып отыр. Ауыл шаруашылығы министрлігі әзірлеген бұйрық жобасына сәйкес, осы кезеңде шетелге шығарылатын сиыр етінің жалпы көлемі 25 мың тоннадан аспауға тиіс.

Ауыл шаруашылығы министрлігі дайындаған бұйрық жобасына сәйкес, алдағы алты айда Қазақстаннан Еуразиялық экономикалық одақ елдері мен басқа мемлекеттерге экспортталатын жаңа сойылған, салқындатылған және мұздатылған сиыр етінің көлемі 25 мың тоннамен шектеледі. Бұл толық тыйым емес. Яғни кәсіпкерлер сиыр етін экспорттауды жалғастыра алады, алайда белгіленген квотадан артық өнімді шетелге шығара алмайды.

Министрлік бұл шешімнің бірнеше мақсаты бар екенін атап өтті. Атап айтқанда:

  • ет өңдеу кәсіпорындарын жеткілікті шикізатпен қамтамасыз ету;
  • ауыл шаруашылығы өнімдерін ел ішінде көбірек өңдеу;
  • жаңа жұмыс орындарын құру;
  • ішкі нарықтағы ет қорын сақтау;
  • ет бағасының негізсіз қымбаттауына жол бермеу.

Бұйрық жобасы Ведомствоаралық комиссияның 2026 жылғы 26 маусымдағы шешімі негізінде әзірленген.

Министрліктің мәліметінше, құжат қабылданған жағдайда оның әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық тұрғыдан теріс салдары болмайды.

Айта кетейік, бұған дейін де Қазақстанда ішкі нарықты етпен қамтамасыз ету және бағаны тұрақтандыру мақсатында мал мен ет экспортына уақытша шектеулер енгізілген.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз