Новости спорта

Қазақстаннан барған Тайвань спортшыларынан "Омикрон" штамы анықталды

Құрама мүшелерінен коронавирусты қайда жұқтырған болуы мүмкін екені сұралады.

Тайванға Қазақстан арқылы ұшып келген каратешілер құрамасының 7 спортшысынан "Омикрон" штамы анықталды. Бұл туралы Taipei Times басылымы хабарлады.

Мемлекеттің ауруды бақылау және алдын алу орталығының бас директоры Чжуан Джен-Сян спортшылардың тест нәтижесі 28 желтоқсан күні дайын болғанын айтты. Құрама мүшелерінен коронавирусты қайда жұқтырған болуы мүмкін екені сұралады.

"Омикрон" анықталған ұлттық ойындардың қола жүлдегері Лау Чи-мин спортшылардың Қазақстаннан Оңтүстік Корея арқылы ұшып келгенін айтты, деп хабарлады JexeNews телеграм каналы.

Қазір Қазақстанға "Омикрон" штамының келгені туралы дерек жоқ. Десе де, бұған дейін Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин "Омикрон" штамының Қазақстанға келуі уақыттың еншісінде ғана екенін айтқан болатын.


Оқи отырыңыз: 


 

Жаңалықты жарнамасыз оқыңыз. iOS және Android жүйесіне арналған informburo.kz мобильді қосымшасын жүктеңіз.

Тарату:

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары