Қазақстаннан 100 мыңға жуық еуро әкетпек болған италиялық азамат ұсталды

Шетелдік азамат Астана әуежайында ұсталды.

Астана әуежайында 98 мың еуроны заңсыз әкету әрекетінің жолы кесілді, деп хабарлайды Астана қаласының Мемлекеттік кірістер департаменті.

19 ақпанда "Әуежай – Астана" кеден бекетінде Астана – Ыстанбұл халықаралық рейсінің жолаушыларын тексеру кезінде Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері Италия азаматын ұстады. Ол 98 мың еуроны заңсыз алып кетпек болған. Іс материалдары қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселесін қарау үшін Астана қаласы Экономикалық тергеу департаментіне жіберілді.

Президент жарлығына сәйкес, Қазақстанда 10 мың доллар баламасынан асатын қолма-қол шетел валютасын және шетел валютасындағы ақша құралдарын әкетуге тыйым салынады. Норманы бұзу сомасына қарай әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылады.


Оқи отырыңыз: Отызға жуық ителгіні Қазақстаннан Таяу Шығысқа шығармақ болғандар ұсталды


 

Пікірлер

0
Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.

Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз