Қазақстанда 2023 жылы миграция соңғы 11 жылдағы оң сальдо көрсеткішіне ие (9 293 адам) болса, 2024 жылғы тоғыз айда бұл көрсеткіш 10 182 адамға өсті, деп хабарлады SocioЕxpert.
ҚР Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Қазақстандағы мигранттардың басым бөлігі ТМД елдерінен келеді. Бұл ретте көш басында Өзбекстан (7509 адам) тұрса, кейінгі орында Ресей тұр.
Дегенмен, SocioЕxpert хабарлауынша, соңғы уақытта Ресейден келетін мигранттар санының баяулауы байқалса, керісінше Өзбекстаннан келетін мигранттар саны қарқынды өсіп келеді.
"Сондай-ақ, Орта Азия елдерінен бөлек, қазақстанға Қытайдан және Моңғолиядан келетін мигранттары саны басым", – делінген SocioЕxpert хабарламасында.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда көші-қон заңнамасын бұзған 50 шетел азаматы елден шығарылды