USD: 477.3 / 479.9
  • EUR: 544.5 / 549.5
  • RUB: 5.95 / 6.07
Тікелей эфир
Алматы +29C
Все города

Қазақстанға Конго Республикасының президенті келеді

Қасым-Жомарт Тоқаев Конго Республикасымен ықпалдастықты нығайтуға дайын екенін айтты.

Мемлекет басшысы Конго Республикасы президентінің стратегиялық мәселелер және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі жеке өкілі Франсуаза Жолиді қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Франсуаза Жолиге ілтипат білдіре отырып, оның бұл сапары Қазақстан мен Конго Республикасы арасындағы өзара тиімді байланыстарды дамытуға деген шынайы ниеттің белгісі саналатынын атап өтті.

Мемлекет басшысы биыл елдеріміз дипломатиялық қатынастардың 25 жылдығын атап өтетініне тоқталып, Конго Республикасымен ықпалдастықты нығайтуға дайын екенін айтты.

Франсуаза Жоли құрмет көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс білдіріп, президент Дени Сассу-Нгессоның ізгі тілегін жеткізді.

Кездесуде Конго Республикасы президентінің Қазақстанға жасайтын алдағы сапарына қатысты мәселелер, сонымен қатар екіжақты ынтымақтастықтың перспективті бағыттары талқыланды.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау