Тікелей эфир

Қазақстандықтарға ақпарат таратуға арналған "Хабарламалардың бірыңғай нүктесі" қызметі іске қосылмақ

Хабарлама Еgov mobile, екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшасы және 1414 sms-шлюзі арқылы жеткізіледі.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Әділет министрлігі бірлесіп "Хабарламалардың бірыңғай нүктесі" қызметін іске қосатын пилоттық жобаны бастауды жоспарлап отыр. Бұл туралы Ашық НҚА порталындағы екі министрліктің бірлескен бұйрығының жобасынан белгілі болды.

"Қазақстан азаматтарына "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері және ақпараттандыру объектілері арқылы хабарламаны алуға мүмкіндік беруді көздейтін "Хабарламалардың бірыңғай нүктесі" сервисін құру үшін пилоттық жобаны іске қосылсын" делінген бұйрық жобасында.

Жаңа жоба қазақстандықтарға ақпаратты тікелей тарату мақсатында қолға алынып отыр. Бұл жергілікті атқарушы мемлекеттік органдар мен "Электронды үкімет" арасындағы байланысты күшейтіп, ақпарат алмасу тәртібі мен жеделдігін жақсартады.


Оқи отырыңыз: Қазақстандықтар eGov арқылы өз атынан несие алуға шектеу қоя алады


 

Серіктестер жаңалықтары